Балабақша туралы мәлімет

 

«Қызғалдақ» бөбекжай балабақшасы туралы мәлімет

 

1978 жылы Ордабасы ауданы Жеңіс елді мекенінде «Тюльпан» балабақшасы болып, 120 орынға арналып  құрылды. Онда 2 топ жазғы уақытта жұмыс жасады. 1983 жылы кейбір себептерге байланысты тоқтатылды.

1984 жылдың сәуірінен бастап Берген Исаханов совхозы қолға алып «Қызғалдақ» балабақшасы болып қайта күрделі жөндеуден өткізіліп, жұмыс жүйесін іске қосып балабақшаға қажетті құрал жабдықтармен толық қамтамасыз етілді Жыл 12 ай жұмыс күніне 120 тәрбиеленуші қабылданып толық жұмыс күніне көшті. Балабақшада 35 қызметкер жұмыс істейді.

1992 жылдан бастап жергілікті әкімшілікке өтті. Сонау тоқырау 1993 жылы қаржының жеткіліксіздігіне байланысты өз жұмысын тоқтатты.

Аудан әкімі Жамбыл Байғоновтың қолдауымен  2004 жылдың наурыз айынан бастап қайта құрылып «Қызғалдақ» балабақшасына 2 топпен 40 балаға арналып, 11адам жұмыспен қамтамасыз етіліп қайта пайдалануға берілді.

2011-2012 жылдар аралығында Балапан бағдарламасы аясында тағыда 2 топ іске қосылып 40 балаға артты. Жалпы жұмысшылар саны 24 қызметкерге жетті.

1977 жылдың 11 сәуірінен 2016 жылдың 30 желтоқсанына дейін Жакен Орынкүл Жұмабекқызы меңгеруші қызметін атқарып зейнеткерлікке шықты. Осы балабақшаның қайта құрылуына Жакен Орынкүл Жұмабекқызының еңбегі ерен болды. 2016 жылдың 30 желтоқсанынан бастап тәрбиеші Жакенова Жазира Айтбековна меңгеруші міндетін қосып атқарды. 2017 жылдың 27 қазан күні конкурс негізінде меңгеруші міндетіне тағайындалды. 2017 жылдың  қараша айында бала санының артуына байланысты 1 топ 20 орын, 2018 жылдың қаңтар айында 1 топ 20 орынмен ашылды. Қазіргі таңда 6 топқа 120 тәрбиеленуші, 35 қызметкер жұмыс жасайды. Біздің балабақшада салауатты өмір салтын балалардың бойына сіңіруде жүйелі жұмыстар жүргізіледі. Біздің балабақшамыз бүгінде келешек бүлдіршіндерімізді жаңа технологияларды пайдалана отырып, тәрбиелі заман талабына сай 21 ғасырдың білімді ұрпағы етіп қалыптастыру мақсатында  түрліше мадени және тәрбие шараларын ұйымдастырып отырамыз.