Күз байлығы

«БЕКІТЕМІН»

“Қызғалдақ” бөбекжай

балабақшасының меңгерушісі

Ж.А.Жакенова__________

 «____»  _______ 2018 ж.

 

Күз байлығы

(Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі)

 

Орындаған :Медетова  М

                         Махан  Д

2018ж

Күні:  24.10.2018 ж

Ұйымдастырылған оқу қызметі :ІІ-кіші «Балауса»  тобы

Білім беру саласы: Коммуникация

Оқу іс-әрекет түрі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы:Күз байлығы

Мақсаты:

Білімділік: Табиғаттағы маусымдық күз мезгілінде өзгерістер күн салқындап жапырақтар сарғайып түсуі, жемістер мен көкөністер жинау, оларды қысқа дайындау туралы түсініктерін кеңейту, өсімдіктердің өсіп-жетілуі үшін арнайы жағдайлар жасалатыны, адам өміріндегі маңызы туралы білімдерін жинақтау. Күз мезгілін бейнелеуді (сипаттама беру, тақпақтар айту, әңгімелеу, сурет салу) әңгімелеу тілін қалыптастыру, баланың тірі табиғат нысандарына қатысты оларға қызығушылық пен білуге құштарлық негізінде өзін-өзі дұрыс ұстау жайлы түсініктерін алгоритмдеу арқылы меңгерту.

Тәрбиелік: Тапсырма орындау арқылы оларды ажыратып жемістерді бөлек, көкөністерді бөлек топтастыруға, аттарын дұрыс атай білу арқылы сөздік қорын дамыту, жалпылауыш сөздерді қолдана білуге (көкөністер, жемістер) үйрету. Түбірлес сөздерді (бақша, бақшада) жасауға және қолдануға жаттықтыру, оларды өз тәжірибесінде белсенді қолдану. Жеміс пен көкіністерді көлеміне қарай дұрыс орналастыра білу дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылық: Берілген шығармалардан үзінділер жатап (өлеңдер), ұсынған «Жеміс бағында» тақырыбына сай шығарманы бойынша түсінгенін айтып, тапсырмаларды орындауға. компьютерді пайдаланып бірнеше біркелкі заттардың мөлшеріндегі ерекшеліктерін (үлкен және кішкентай көкөністер мен жемістер) суретті орналастыруға қатыстыру. Үлкендердің еңбектерін құремттеуге, үлкендерге көмектесуге ықыластарын арттыру.

Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: Күз мезгілінің маусымдық ерекшеліктерін айту.

Әдіс-тәсілі: АКТ, ойын; ой қозғау, түсіндіру, әңгімелесу, өлеңдер оқу, жұмбақ жасыру; слайд көрсету; компьтермен тапсырма орындау.

Қажетті көрнекі құралдар: Табиғи жеміс пен көкіністер, үлестірмелі жемістер мен көкіністер бейнеленген суреттер, муляждары, дидактикалық ойынға арналған карточкалар.

Билингвальдық компонент: Жемістер-фрукты, көкіністер-овощи, алма-яблоко, алмұрт-груша, қияр-огурец, қызанақ-помидор

Оқу қызметінің
кезеңдері
Тәрбиешінің қызметіБаланың қызметі
Мотивациялық – қозғаушылықСәлемдесу :
Үлкенге сіз ,Кішіге сіз,
Баршаңызды құрметтеп ,Бас иеміз біз.
Шаттық шеңбері:
Қайырлы күн досым!
Қайырлы күн болсын!
Сәрсенбінің сәті ,
Сәттілікке тлсын!
Біздің балабақшамыз,
Қуанышқа толсын!
Шаттық шеңберін құрып болғаннан соң, төрт түрлі шарды көрсетіп күз мезгіліне түсі сәйкес келетін шарды тауып, оны жару. Жарылған шардың ішінен хат шығады. Ол хатта күз мезгілінің тапсырмасы бар
Жұмбақ оқып беру.
Бұл қай кезде болады?
Бұлттар төніп,Жерге шөгіп,
Дымқыл тұман басады.
Алма, өрік, шие, алмұрт,
Жидек, жүзім піседі.
Қауын-қарбыз, қияр, сәбіз
Дүкендерге түседі
Бөбектерім, айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады?
І.Жансүгіров.
Дұрыс, бұл күз мезгілінде болады.
Экраннан бірнеше сурет көрсетіліп, ауа райын бақылайды?Күздің ерекшеліктеріне тоқталады.
Суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген?
Дұрыс, күзмезгілі.
Сәлемдесу :
Үлкенге сіз ,
Кішіге сіз,
Баршаңызды құрметтеп
Бас иеміз біз.
Балалар шаттық шеңберін құрып болған соң.



Шарлардың түсін ажыратып, жыл мезгілдерімен сәйкестендіреді. Күз мезгіліне сәйкес келетін сары түсті шарды жарып, ішіндегі тапсырмасын орындайды.
Жасырған жұмбақты зейін қойып тындайды.






-Бұл күз мезгілінде болады
-Суретте жылдың күз мезгілі бейнеленген. Күзде болатын құблыстарды айтады.

Күз мезгілі өте тамаша. Табиғат өте әдемі, айнала сары жапырақтарға толы, балалар ересектерге көкіністер мен жемістер жинасуда.
Іздену – ұйымдастырушы





















Ғажайып сәт: Топқа бағбан қонаққа келеді. Балалармен сәлемдесіп, төрден орын алады.
- Балалар бізге топқа бағбан сияпатқа толы себет әкелепті. Барлығымыз көріп ішінде не бар екенін айтайық. Және бағбанға көкөністер мен жемістерді бөліп алуға көмектесейік, қалай қарайсыңдар?
Енді осы себеттегі көкөністер мен жемістерді бөліп екі себетке салайық.
1. - Ойын «Көкөністер мен жемістержинау».
Ойынныңшарты: әр топ өзінетәнзаттарды тез арадажинапалу, шапшаңдығы мен жылдамдығындамыту.
- Балаларғаекітопқабөлінудіұсыну.
І-топ: -Бірсебеткебақтаөсетінзаттарды жинайды.
ІІ-топ: Екінші себетке бақшада өсетін заттарды салу қажет.
Мына себетке нелерді жинап салдық көрейікші.
Қалайаталады, орысшақалайаталады?
Барлығынбіргеайтқандақалайаталады?
Дұрыс. Өте жақсы.
-Ал екіншісебеттенелержиналған.
Осы заттардыорысшаайтайықшы.
Қалайойласызбұлзаттардықалайатауғаболады?
Өтежақсы.
Ойындықорытындылау: Ектопташатаспай тез жинапалды, атауларындадұрыс айтты, жарайсындар.
- Кім осы жемістер мен көкіністер туралы тақпақтар біледі?
Балаларға білетін тақпақтарын айтуды ұсыну.


- Балалар,енді бізгеосы бақ пен бақша өнімдерінің қалай өсіп жетілетінін біліп алу керек. Ол үшін біз «Дұрыс орналастыр» дидактикалық ойынын ойнайық.
Балалар Бағбанмен сәлемдесіп, төрден орын беріп, отырғызады.
Балалар себеттің ішінен бір-бірден көкіністер мен жемістерді шығарып көрсетіп атауларын атайды:
-мынау алма, алмұрт
-мынау қияр, қызанақ, т.б.
Көмектесейік! –деп келіседі.
Екі топ екі себетке жемістер мен көкіністерді бөліп салады.

І-топ: Мына себетке бақта өсетін жемістерді салдық.
Мынау алма-яблоко, алмұрт-груша ,
Жемістер-фрукты.




ІІ-топ: мынасебеткебақшадаөсетінзаттардыжинадықоларқияр-огурец, қызанақ-помидор.
Ал мынасебеткежиналғанбарлықзаттар
көкіністер-овощидепаталады.






Тақпақтар:
1.Жансель
2.Асылбек
3.Еркежан
4.Несібелі
5.Али
РефлексивтікоррекциялаушыОйын:«Дұрыс орналастыр»
Ойынның шарты: Бақ пен бақша өнімдерін ажыратып , ретімен орналастыу қажет
- Бірінші көкініс қайда өседі?
- Содан соң не істеу керек?
- Жинапалғансоң не істейміз?
Деп ,балаларға фетрден жасалған каілемшені ұсынып, бір жағына бақша өнімдерін,бір жағына бақта өсетін көкөністерді жапсыру.
Бірнешебаладанжауапалуқалайдұрысорналастырғанытуралы.
Дұрыс. Барлығың өте жақсы жұмыс жасадыңдар..
Әңгіме «Жеміс бағында»
Ерте, ерте ертеде ме......., әлде қазіргі заманда ма, белгісіз, Бағбан атаның немересі қаладан қонаққа келеді.
Немересі:ата-ата деп жүгіріп келеді.
Балам қош келдің !
-Балам бүгін екеуміз бауға баққа барамыз жүреғой дейді ақырын дауыспен.
Бұрын – соңды «бақ» деген сөзді естімеген немересі таңырқап, «Ол не екен?»- деп ойлайды. Олар баққа келеді. Бақ іші сондай әдемі, бұтақтарын жемістен көтере алмай өсіп тұрған әртүрлі ағаштарды көріп , «бақ» деген сөзге бірден түсінеді. Анасының базардан әкеліп жүрген жемістері де бар екен. Дәулет жеміс ағаштарын қызықтап, бақ ішін аралап жүрді. Бір ағаштың қасына келіп тоқтады.
Асылбек:Мен өрікпін,өрікпін,
Табиғатқа көрікпін-деп, өзін таныстырып, жемісінен үзіп береді.
Келесі ағашқа кездесті. Ол қандай ағаш екен?
Еркежан:Мен алмамын ,алмамын Таңдай татар бал дәмім.Биік өсіп тұрған ағаш та жемісінен дәм таттырып, өзін былай таныстырады:
Жансел:Мен алмұртпын, алмұртпын,Аузындамын бар жұрттың.
Жеміс ағаштарына дән риза болып келе жатқан немересі жүзім ағашына тап болды.
Несібелі :Мен жүзіммін, жүзіммін,Моншақ болып тізілдім, - деп өзіне таныстырып, жемісінен сыйлайды.
Жансель атасына біраз көмектеседі. Жемістер жинады, бақшаны тазартты. Бағбан қария немересіне риза болып, «Кішкентай бағбаным» деп басынан сипап, арқасынан қақты.
Бағбан атаның қолындағы көкөністерді қысқа сақтау үшін не істеуіміз қажет?
Балалар Жансельдің қолындағы жемістерді қысқа сақтау үшін не істеуіміз керек?
- Балалар қыста жемістер мен көкіністерді қалай сақтап, жеуге болады?Енді , бойымызды сергітіп алайықшы.
- Сергіту сәті.
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар,
Үп-үлкен боп өседі.
Балалар бойымызды сергітіп алдық,енді біз қазір шығармашылық орталығына барып, көкөністер мен жемістерімізді қысқа сақтау қамын жасайық.
Шығармашылық орталықта төрт топқа бөлініп, жұмыс жасайды.
І-Топ: «Анамызға көкініс тұздауға «көмектесейік.
Шарты: Мониторда салынған банкаларға тышқанды пайдаланып, рет-ретімен, қатарлап көкіністерді орналастыру қажет.Көкөністерді банкаға толтырып салып, араларында аздап орын қалдырған дұрыс.
ІІ-Топ: Балаларға дайын қораптарға көкөністер мүсіндейді.
ІІІ-топ:Балалар дайын жемістер мен көкөністердің суретіне түрлі –түсті жіптерді жапсырады
ІV-топ: Бастырма әдісі арқылы көкөністермен жемістердің суретін салу. - Сурет әдемі болып шығу үшін заттарды дұрыс орналастыру қажет.
Жұмыс барысында дұрыс орналастыруларын қадағалаймын.
Олардың жасаған жұмыстарына жеке –жеке тоқталып сұрау
Кім біледі көкіністер мен жемістердің адам денсаулығына тиер пайдасы туралы.
- Балалар біз бүгін аналарымызға көп көмек тигіздік, олар жұмыстарыңды көріп, қатты қуанады деп ойламын.
Өте жақсы.
Балалар ,енді Бағбан атамыз үйіне қайтатын уақыт келіпті. Ол кісі сендерге өз ризашылығын білдіреді.
Балалармен қоштасып , шығып кетеді.
Балалар жеміс-жидектер туралы тақпақтарын айтады.










Балалар ойынның шартың зейін қойып тындап, фетрден жасалған кілемшені екі бөлікке бөліп,ретімен орналастырады




Балалар әңгімені мұқият тыңдайды.




















Балалар жауап береді.






Балалар сергіту сәтін жасап,бойларын сергітіп алады.


І-топтың балалары монитордағы банкаларға көкөністерді салып салат жасайды.
ІІ-топтың балалары банканың суретіне көкөністерді жапсырып, көкөністерден тұздық жасайды. Көкөністерді банкаға толтырып салып, араларында аздап орын қалдырады.
ІІІ-топтың балалары жемістерді мүсіндеу арқылы компот жабады.
ІV-топтың балалары бастырма әдісі арқылы көкөністер мен жемістердің суретін салады.
Әр бала өз қиялы бойынша жұмыс жасайды.Сурет әдемі болып шығу үшін заттарды дұрыс орналастырады.

-Түстерін айтатын болсақ қиярлар жасыл, ал қызанақтар қызыл түсті болады.
Жемістердің көлемдері бірдей емес, алма мен алмұрт үлкен, сондықтан банкаға аз алма мен алмұрт салынады. Ал жүзім кішкентай көлемді, оларды көбірек салуға болады.
Балалар бағбан атаймен қоштасады.
РефлексивтікоррекциялаушыОқу қызметін қортындылау:
Сонымен бүгінгі оқу қызметімізден не үйрендік?
Не білдік?
Бізге қонаққа кім келді?
Бүгінгі оқу қызметіміздің сендерге ұнағанын білдіру үшін күнді, ал көңілдеріңнен шықпай немесе бір нәрсені түсінбей қалсаңдар бұлт арқылы жеткізсеңдер болады..
Сұрақтарға жауап береді.

Оқу қызметі ұнаған –ұнамағанын күн мен бұлтты көтеру арқылы білдіреді.

Күтілетін нәтиже

Баланың білуі: Табиғаттағы маусымдық күз мезгіліндегі өзгерістерді, адамдар мен қоршаған орта жағдайының арасындағы байланысты, табиғатта өзін-өзі дұрыс ұстау түсініктерін білді. Көкөністерден тұздық жасап банкаға жапсыруды біледі.

Баланың меңгеруі: Күз мезгіліне тән ерекшеліктерді талдау жолдарын, ауызша жеткізе білу әдіс-тәсілдерін, Paint бағдарламасын пайдаланып дұрыс орналастыру әдісін меңгерді. Жемістерді мүсіндеп компот жабуды меңгереді.

Баланың жасай алуы: Күзге тән ерекшеліктерді сипаттайды, бір-бірімен байланысқан сюжет бойынша суреттеу мен әңгімелер ойлап табады, салыстырады, Paint бағдарламасын пайдаланып көкіністер мен жемістердің суретін орналастыра алады. Көкөністер мен жемістердің суретін бастырма әдісі арқылы сала алады.