Біз туралы

Ордабасы аудандық білім бөліміне қарасты «Қызғалдақ» бөбекжай балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны

Балабақша паспорты

«Қызғалдақ» балабақшасы МКҚК

Пошталық индексі 160600

Жоба қуаттылығы 140

Тіл оқыту (қазақша,орысша) қазақ тілі

Ғимарат түрі 2-қабатты

Жалпы көлемі пайдалы 711

Қолдануға берілген жылы-2004 жыл наурыз

Құрылыс ауданы-468

Ғимараттың ауқымы-1638

Салынған жылы-1978жыл

Бөлмелер саны-38

Күрделі жөндеуден-2016 жылы желтоқсан

Ордабасы аудандық білім бөліміне қарасты МКҚК «Қызғалдақ» балабақшасы мына мекен-жайы бойынша орналасқан: Жеңіс ауылы М.Шоқай көшесі №14

 

«Қызғалдақ» бөбекжай балабақшасы туралы мәлімет

1978 жылы Ордабасы ауданы Жеңіс елді мекенінде «Тюльпан» балабақшасы болып, 120 орынға арналып  құрылды. Онда 2 топ жазғы уақытта жұмыс жасады. 1983 жылы кейбір себептерге байланысты тоқтатылды.

1984 жылдың сәуірінен бастап Берген Исаханов совхозы қолға алып «Қызғалдақ» балабақшасы болып қайта күрделі жөндеуден өткізіліп,жұмыс жүйесін іске қосып балабақшаға қажетті құрал жабдықтармен толық қамтамасыз етілді. Балабақшада 35 қызметкер жұмыс істейді.

1992жылдан бастап жергілікті әкімшілікке өтті. Сонау тоқырау 1993 жылы қаржының жеткіліксіздігіне байланысты өз жұмысын тоқтатты.

Аудан әкімі Жамбыл Байғоновтың қолдауымен  2004 жылдың наурыз айынан бастап қайта құрылып «Қызғалдақ» балабақшасына 2 топпен 40 балаға арналып, 11 адам жұмыспен қамтамасыз етіліп қайта пайдалануға берілді.

2011-2012 жылдар аралығында Балапан бағдарламасы аясында тағыда 2 топ іске қосылып 40 балаға артты. Жалпы жұмысшылар саны 24 қызметкерге жетті.

1977жылдың 11 сәуірінен 2016 жылдың 30 желтоқсанына дейін Жакен Орынкүл Жұмабекқызы меңгеруші қызметін атқарып зейнеткерлікке шықты. Осы балабақшаның қайта құрылуына Жакен Орынкүл Жұмабекқызының еңбегі ерен болды. 2016 жылдың 30 желтоқсанынан бастап тәрбиеші Жакенова Жазира Айтбековна меңгеруші міндетін қосып атқарды. 2017 жылдың 27 қазан күні конкурс негізінде меңгеруші міндетіне тағайындалды. 2017 жылдың  қараша айында бала санының артуына байланысты 1 топ 20 орын, 2018 жылдың қаңтар айында 1 топ 20 орынмен ашылды. Қазіргі таңда 6 топқа 120 тәрбиеленуші, 35 қызметкер жұмыс жасайды. Біздің балабақшада салауатты өмір салтын балалардың бойына сіңіруде жүйелі жұмыстар жүргізіледі. Біздің балабақшамыз бүгінде келешек бүлдіршіндерімізді жаңа технологияларды пайдалана отырып, тәрбиелі заман талабына сай 21 ғасырдың білімді ұрпағы етіп қалыптастыру мақсатында  түрліше мадени және тәрбие шараларын ұйымдастырып отырамыз.

Балабақша мекемесі екі қабатты, онда балалардың ойын бөлмелері, жатын бөлмелері және асхана, дәретхана, меңгеруші, медициналық, әдіскер, тәрбиешілер бөлмелері орналасқан. Балабақша  2004 жылы 2-топпен  жұмыс жасады, 2011-2012 жылдары 2-топ қосылып, 2017 жылыдың 01 қараша айында қосымша 1 –топ, 2018 жылы 03 қаңтарда  1-топ  ашылып, қазіргі таңда 6 топта бала саны 120 баланы құрап отыр.

«Қызғалдақ» бөбекжай балабақшасының тәрбиешілер тізімі

Кадрлар туралы мәлімет

Балабақшадағы педагогтардың саны -17,

Меңгеруші-1, әдіскер-1, педагог-психолог-1,Орыс тілі маманы-0,5,

тәрбиешілер-12, 1-музыкант жұмыс істейді.

Жоғары педагогикалық біліммен-14

Арнаулы орта білім-3

Оның ішінде:

Жоғары мектепке дейінгі-4,

-Арнаулы орта мектепке дейінгі біліммен-3