Тәуелсіз елдің ұландары!

Тәуелсіз елдің ұландары!

Тәрбиеші : Қамбар Ұ

2018-жыл

 

Тәуелсіз елдің ұландары!

    Мақсаты:Еліміздің тарихы туралы түсінік беру.Өз Отанын сүюге тәрбиелеу. Еліміздің рәміздерін қастерлеуге үйрету. Туған елге деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Өз ана тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін сақтауды бойына дарыту.1986 жылы желтоқсандаел азаттығы жолында құрбан болған ұл қыздарымыздың ерліктерін еске алу. Егемендіктің мәнін түсіндіру. Бүгінгі тәуелсіздікке қалай қол жеткізгенін зерделеу. Отанын,елін, жерін, сүюге, қорғауға тәрбиелеу.

 

Тәрбиеші: Құрметті ұстаздар, ата-аналар, балалар! Бүгінгі ертенгілігіміздің дүниені дүр сілкіндірген 1986 жылы болған желтоқсан оқиғасына арналады.

«Елімнің еркіндігі –Тәуелсіздік» атты ертеңгілігімізді бастаймыз.

 

      -Балалар , бізге тәуелсіздік оңай жолмен келген жоқ. 1986 жылы 16 желтоқсанда үлкен көтеріліс болды. Ол көтеріліс қазақ халқына кең байтақ жерімізге, жан-жақтан көз тігушілер аз болған жоқ. Оған Қазақстанның жас ұлдары мен қыздары шықты. Өз тілін, өз мәдениетіндамытам деген қазақтарға мүмкіндік бермей шайқас басталды.

       Сол жастардың ішінде ҚайратРысқұлбеков,Ербол Спатаев Сабира Мұхамеджанова, Ляззат Асановалар болды.Бұлар Отан үшін ,Туған жер үшін, ана тіліміз үшін, сендердің болашақтарың үшін үлкен ерлікпен қаза тапты.Өз алдына дербес, еркін мемлекет, ешкімге тәуелді болмай ішкі, сыртқы мәселелерді өздерінің шеше алатын мүмкіндігі болуды тәуелсіз мемлекет дейміз. 1991 жылы 16 желтоқсанда Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Мемлекеті туралы заң қабылданды.

Ән ұраны

Нұрқанат

-Әнұраным- жан ұраным,

Айтар әнім- сөйлер сөзім,

Туған жерім- сағынарым,

Мәңгі бақи шырқалады,

Республика әнұраны

/Әнұран орындалады/

 

Жансая :

Жалғасып соғыс өрті сан ғасырға,

Біз көрдік қас дұшпанның балтасында.

Еліме тәуелсіздік келіп жетті,

Мың жылдық күрестердің арқасында.

Асылбек:

Жаңғырды халқымыздың мың өшкені,

Бар мұнда сан ұрпақтың үлестері.

Ел үшін мәңгілікке жалғасады ,

Ақыл-ой -, ар намыстың күрестері.

 

МАРЖАН:

Намысымның шырағындай желтоқсан,

Тәуелсіздік пырағындай желтоқсан

Тарихымда із қалдырып, жаңғырып,

Аңыз болдың жыр –ағындай желтоқсан.

 

Аяла:

Бірлік түбі-береке

Береке түбі-мереке.

Егеменді ел болдық,

Тәуелсіздікке енді ендік.

 

Жанерке:

Осындай еркіндікті ел тілесін,

Бақыт құсы бағымызға еркін келсін

Ал енді тәуелсіздік құтты болып,

Көк байрақ мәңгі -бақи желбіресін!

 

Тәрбиеші:

1986 жылы желтоқсан көтерілісінде еліміздің еркіндігі, азаттығы үшін жандарын қиған Қайраттай ержүрек ағаларымыздың өз көзімізбен көрмесек те олордың шыңдық үшін күрескенін аянбай көз алдымызға елестетеміз.

 

 

Тұтқынға түстім жаутаңдай,

Жоламай ешкім қасыма

Бара қалсаң сәлем айт,

Елдегі құрбы – досыма.

 

Інжу:

Жастық жырын желтоқсанда самғаттым,

Бұлбұл құсым үнін асқақ сайраттың,

Егеменді ел боп алдың бүгінде,

Рухына бас иемін Қайраттың.

 

Гүлім:

Қан төгілді қара жерге қаншама

Қайғылы жай белгісі ғой баршаңа .

Егеменді ел боп алдың бүгінде ,

Қуанышым менің мәңгі тарқама!

Ән: «Ел қорғауға әзірміз»

Тәрбиеші:

Егеменді ел болудың белгісі.

Басқа жұртпен тең жұлдызы тең күші

«Егемендік» деген сөздер естілер

Ата жұрттың арғысы мен бергісі.

Нұрәли:

Айнымайды аспаннан,

Біздің тудың бояуы

Оны халық қашанда,

Биікке іліп қояды.

 

Әсем:

Тәуелсіздік алған күн,

Ерекше боп мәңгілікке ел жадында қалған күн.

Жайнай берсін ұлы күн, үміті баян елімнің,

Ай түні боп болашақ, шаттығы боп қалған күн.

Би: «Қара жорға»

Саламат:

Намысымның шырағы да –Тәуелсіздік

Сұрқай өмір сынағы да-Тәуелсіздік,

Жігіттіктің ұрпағы да –Тәуелсіздік,

Жаңа күннің шуағы да-Тәуелсіздік

 

Мерует:

Тәуелсіздік мерекесі –ел мерекесі тасыған,

Қазақ деген қайран жұрт бәрін кешті басынан.

Естісін ел үніңді , дүние түгел естісін,

Көтер биік тәуелсіздік туынды!

 

Нұрбек:

Жастай сүйіп аңсаған,

Тәтті күй мен кәусар ән.

Ол- біздің Қазақстан.

 

Ән: «Менің Отаным»

 

 

Жұлдызай:

Отан- менің ата-анам,

Отан-доым, бауырым.

Отан-өлкең, астанаң,

Отан-туған, ауылым.

 

Құлақтан кіріп бойды алар,

Жақсы ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй.

 

Ән: «Балдырғандар»

 

Балалар болашақта қандай азамат,азаматша боламыз?

Балалар хормен:

Елімізді өркендететін,

Қазақ тілін көркемдететін

Бабаларға тағзым ететін.

Аналарға бас иетін,

Балалардан бар жақсылығын аямайтын

Туымен тұғырлы,

Елтаңбасымен еңселі.

Әнұранымен айбатты.

Біз қазақ елінің болашағымыз.

 

Тәрбиеші:

Тарихым жатыр тасыма

Тіл қатып келер ғасырға

Азаттық дейтің ұғымның,

Желтоқсан тұр басында.

 

Кешіміз өтіп жатыр салтанатты,

Төгілген күн нұрының шапағаты

Халайық қаттырақ қол соғыңыздар,

Әншіміз бар біздің де, Жанерке атты.

Ән: «Егеменді ел»

Осымен «Тәуелсіз елдің ұландары» атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз.

Барлығыңызға Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын.

Халықымыз аман болсын.Елімізде бейбітшілік болсын

-Келесі кездескенше сау-сәлеметте болыңыздар!

Б:-Сау болыңыздар қонақтар!