Қамқоршылық кеңес

 Ордабасы ауданы Жеңіс елді мекенінің

«Қызғалдақ » бөбекжай балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны мекемесінің

 Қамқоршылық кеңесінің  2018 жылғы «23» қазанында

өткен отырысының №1 хаттамалық

шешімімен бекітілген

 

Ордабасы ауданы Жеңіс елді мекенінің

 «Қызғалдақ»  мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны мекемесінің

Қамқоршылық кеңесінің 2018-2019 оқу жылына арналған

ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ:

р/сТақырыптарУақытыЖауаптылар
1Қамқоршылық кеңесінің 2018-2019 оқу жылына арналған жұмыс жоспарын әзірлеу, бекіту. Қамқоршылық кеңес отырыс-тарының тақырыптарын бекіту 2018 жылғы 22-26 қазан аралығында22-26 қазан
2Аз қамтамасыз етілген отбасылар,қамқорға алынған балаларға көмек көрсету жолдарын қарастыру,тәрбиешілермен
бірлескен жұмыс.
Қараша
3Жаңа жылдық іс-шараларды дайындау және өткізу мәселелерін талқылау: -безендіру заттарын сатып алуға демеушілерді ұйымдастыру.Жағдайы төмен отбасылардың балаларына жаңа жылдық сыйлықтар әзірлеуге ықпал етуЖелтоқсан
4Тәрбиеленушілердің денсаулығын сақтау
үшін жағдайлар жасау тамақтың сапасына бақылау
Қаңтар
5Бюджеттен тыс шағын
кәсіпкерлерді тарту, оларды пайдалану жолдарын қарастыру
Ақпан
6Білім ұйымында «Жыл басы – Наурыз» мерекесінің салтанатты түрде атап өту шараларының барлығына атсалысу Наурыз
7Білім ұйымының аумағын көркейту, абаттандыру жұмыстарын жалғастыру Сәуір
8Балабақша ішілік конкурстар байқаулар өткізуге көмек көрсету,төрағалық етуЖыл бойы
9Балабақша бітіруші түлектердің «Соңғы қоңырау», «Балаларды қорғау күніне арналған» мерекесін өткізуді ұйымдастыру мәселелерін талқылау.Демеушілер көмегінің есебінен балалар мерекесіне сыйлықтар ұйымдастыру.Мамыр-маусым
10Балалардың жазғы маусымдық жұмыстарын ұйымдастыруға көмек көрсету Балабақшаның абаттандыру жұмыстарына атсалысу .
Қамқоршылық кеңесінің бір жылдық жұмысының талдауы.
Кеңес мүшелері

 «Қызғалдақ» бөбекжай балабақшасының жанынан құрылған

Қамқоршылық кеңесіне  өтініш жазған мүшелер тізімі:

Р\сАты-жөніЛауазымыТелефон
1Даулетбаева АйзадаЗейнеткер87715614219
2Сыздықәлі БақытжанЖеке кәсіпкер87763475112
3Байдүйсенов ҚұлшынбекАуыл ақсақалы87782370241
4Балғабай ЫрыскүлБалабақша зейнеткері87771051395
5Амантаева Айжан Емхана мейірбикесі87053591084
6Жақып ГүлданаМұғалім87763080283
7Джубатова АйманҮй шаруасы87053541983
8Сапаралиева ГүлнұрТігінші87712522684
9Абдулаева ЗилашЗейнеткер87474323225
10Әбен Мейіргүлтәрбиеші87054842833

Әдіскер: Р.Икрам

 

Қамқоршылық кеңес отырысының №1 хаттамасы

Қатысқандар : 9

Қатыспағандар : —

Күн тәртібінде:

  1. Қамқоршылық кеңесінің нормативтік құжаттарымен танысу.

2.Кеңес мүшелерін сайлау.

3.Кеңес мүшелерінің міндеттерін бөлу (төрағасы, жауапты хатшы).

4.Қамқоршылық кеңесінің жұмыс жоспарын құру,бекітуге ұсыну

Тыңдалды:

           Балабақаша меңгерушісі Ж.Жакенова сөз алып Қамқоршылық Кеңесінің Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығымен өзгерістер мен толықтыруларды айта келіп, қамқоршылық кеңесінің жұмысы туралы толық ақпарат берді. Қамқоршылық кеңесі қоғамдық бірлестік, бірге басқарудың қоғамдық-мемлекеттік түрлерін дамыту және білім беру жүйесі, ізгілік қызметтері мекемелеріне қолдау жасауға қосымша қаржы арту мақсатында құрылатындығын айта келіп, міндеттеріне тоқталды. А) Жалпы білім беру ұйымының жұмысының айқындығын арттыруға және жетілдіруге бағытталған бастамалар ұсыну және оны талқылау. Ә) Жалпы білім беру ұйымының материалдық-техникалық базасы мен оқу базасын нығайту және жетілдіру, оның аумағы мен кабинеттерін көбейту. Б) Білім беру үдерісін іске асыру жағдайын жақсартуға, балалардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталады. Осы мүшелер арасынан қамқоршылық кеңесіне мүше сайлайсыздар, ал хатшыны балабақша қызметкерлері арасынан сайласаңыздар,-деді.

Сөз сөйлеушілер:

Абдулаева Зилаш -кеңес мүшесі

* Біздер сіздердің жұмыстарыңыздың жақсы орындалуы үшін қолдан келетін көмекті аямаймыз. Бірлесе жұмыс атқарамыз. Ал қамқоршылық кеңес төрайымы Балғабай Ырыскүлді ұсынамыз, ал хатшыға осы балабақшада тәрбиеші қызметін атқаратын Әбен Мейіргүлді ұсынамыз,-деді.

Сөз сөйлеген кеңес мүшелері Даулетбаева Айзада,Байдүйсенов Құлшынбек ауыл ақсақалы  осы пікірді қолдай отырып, бірлесе отырып құрған жылдық жоспармен ойдағыдай жұмыс атқарайық деген ой түйді.

Қаулы:

  1. Қамқоршылық кеңестің төрайымына Балғабай Ырыскүл ,хатшысына Әбен Мейіргүл сайлансын.
  2. Қамқоршылық кеңес жұмысына бірауыздан атсалысу кеңес мүшелерінен сұралсын.
  3. Қамқоршылық кеңесінің 2018-2019 оқу жылына жасаған жоспары бірауыздан бекітілсін.

Жиналыс төрағасы:         Балғабай Ырыскүл

Хатшы:                                 Әбен М